KazGASA - сәулет, дизайн, құрылыс, құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру, инженерлік жүйелер, ағаш өңдеу технологиясы, геодезия және картография, экономика және менеджмент саласында жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін, Қазақстанның сәулет-құрылыс білім саласының көшбасшы оқу орны. Академия өз студенттеріне, барлық деңгейдегі бағдарламалар бойынша білім алуға, қоғамда өз орнын табатын және қазіргі жылдам өзгеріп жатқан жағдайға бейімделе алатын, ой-өрісі кең, жоғары зияткерлік тұлғалар болуға мүмкіндік береді.
«Da Vinci Code» Олимпиадасы - еліміздің ең креативті, жаңаруға жаны құмар, ақылды және дарынды балаларды тарту мақсатында өткізіледі! «Da Vinci Code» - бұл, әр қатысушының шығармашылық қабілеттерін дамытатын және оларға керемет идеяларды түрлендіруді үйрететін қызықты жарыс. Олимпиадаға Қазақстанның әр аймағында тұратын 11-12 сынып оқушылары және колледж түлектері қатыса алады.
Барлық оқу кезеңіне
Дарынды және қабілетті балалармен танысу мүмкіндігі
Өзіңнің кәсіби дағдыларыңды дамыт
Сәтті мансап жолына қажетті қабілеттеріңді жетілдір
Бұл кезеңде, олимпиадаға қатысушы өз аймағындағы сәулет өнері туындысымен креативті суретке түсіп, #KazGASACode хэштегі арқылы әлеуметтік желіде жариялау қажет
Бұл кезеңде, олимпиадаға қатысушы өз қаласының сәулеті жайлы бейнеролик түсіріп, #KazGASACode хэштегі арқылы әлеуметтік желіде жариялау қажет
Ақтық мәре 7 күн ішінде өтеді. Оның 5 күнінде, олимпиадаға қатысушылар мастер-класс, семинар, тренингке қатысып, дамытушы ойындар ойнап, финалистерге арналған экскурсия мен қызықты іс-шараларға қатысады.